Оралда аязға байланысты бастауыш сыныптар қашықтан оқиды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда аязға байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптар қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО гидрометеорология орталығының мәліметінше, жергілікті сағат 07.00-де температура тілі 26 градус аязды көрсетті.

Желдің жылдамдығы - секундына 6 метр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да боранға байланысты республикалық жол жабылғанын жазған болатынбыз.

БҚО ТЖ департаменті қазіргі кезде жолдардың ашық екендігін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар