Оралда автокөліктен түк қалмай өртеніп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөліктен түк қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 20 қараша күні сағат 04.19-да Н.Назарбаев даңғылы 235/1-үйдің ауласында болды.

Hyndai Accent маркалы автокөлік отқа оранды. Машинаның мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ.

Зардап шеккендер жоқ.

Автокөлік иесі, келтірілген шығын анықталу үстінде.

«Тілсіз жау» сағат 04.42-де оқшауланып, 04.53-те ауыздықталды.

Алдын ала болжам бойынша автокөлікті біреу өртеген.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнына полиция қызметкерлерінің де барғанын, автокөліктің арнайы тұраққа қойылғанын жеткізді.

Автокөлікті айдап кету дерегі бойынша полицияға шағым түспеген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда өртенген екі үйден 3 газ баллоны шығарылғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар