Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

2019 жылғы 18 шілде 03:35 257
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 17 шілде күні Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында орын алды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті аялдамасы маңында болған оқиға салдарынан студент жарақат алған. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 17.08-де жеткен. Зардап шеккен жаяу жүргінші облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің велосипед мінген баланы қағып кеткенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT