Оралда автокөлік жасөспірімді қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 3 маусым күні сағат 08.40-та Еуразия даңғылы бойында болды.

«Бургер Кинг» дәмханасы тұсында 1991 жылғы жүргізуші «Шевроле» көлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 16 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

Соның салдарынан түрлі жарақат алған жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Армениядан әкелінген екі автокөліктің тіркелгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар