Оралда автокөлік велосипед мінген жас жігітті қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік велосипед мінген жас жігітті қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы 17 қазан күні кешкісін М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 18.07-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша аяқ басы сүйектері сынған 1996 жылғы жігіт қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жол апатынан қаза тапқан адамның шетелдік болып шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар