Оралда автокөлік қоршауға ілініп қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жол апатынан кейін «Вольво» автокөлігі темір қоршауға ілініп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 наурыз күні сағат 23.50 шамасында Депо көпірі ауданында Деповская мен Куличев көшелерінің қиылысында орын алды.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің қызметкерлері өрттің шығуына жол берген жоқ. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен темір қоршауды кесіп, автокөлікті жолға түсірді.

Апаттық-құтқару жұмыстарына барлығы 10 адам, 2 техника жұмылдырылды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бір адам Орал қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Ол бүгін жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 15 тонна пішен жанып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар