Оралда автокөлік қаққан ер адам мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік қаққан ер адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше сағат 23.00 шамасында Зачаган кентіндегі №20 мектеп аялдамасы маңында орын алды.

«ВАЗ-2110» автокөлігі ер адамды қағып кеткен.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем 23.02-де шақырылды.

Ашық бас-ми жарақатын алған 55 жасар ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Ер адам бүгін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автобустың соқтығысып, 11 адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, 15 мамыр күні Жәңгір хан көшесі бойындағы «Жазира» аялдамасында №3 автобустың жүргізушісі арақашықтықты сақтамай, №5 бағытпен жүретін тағы бір қоғамдық көлікпен түйісуге жол берген.

Салдарынан облыстық көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне 12 адам жеткізіліп, бір жолаушы жатқызылған.

Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша қажетті тексеру шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар