+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді

2021 жылғы 14 маусым 21:32
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен велосипед мінген ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау-Индер жолына полиция көлігі мен үй жануарларының макеті қойылды Қызылордада каналға құлап кеткен көлік ішінен екі адам табылды Алматы облысында жыл басынан бері 176 адам жол апатынан мерт болған

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 14 маусым күні Петровский мен Бельгер көшелерінің қиылысында болды.

Сағат шамамен 16.17-де 1992 жылғы жүргізуші «Фольксваген Пассат» автокөлігімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, велосипедшіні қағып кеткен.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 16.18-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша велосипедпен жүрген 1985 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған деген күдікпен қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің әйел адамды қағып кеткенін, полиция қызметкерінің мас күйінде жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші мерт болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT