Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен 51 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиғаа 21 желтоқсан күні сағат 22.40-та болды.

«Құрманғазы көшесінің бойында 35 жастағы жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан 51 жастағы ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Биылғы 11 айда Орал қаласында жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша 84 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 81-і түрлі жарақат алған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда полицейге шабуыл жасаған тұрғынның қамауға алынғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар