+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды

2018 жылғы 29 қазан 11:40
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға Достық даңғылы бойында Ю.Гагарин аялдамасы маңында орын алды.

«Жеңіл автокөлік шамамен 60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 07.44-те шалынып, бригада бес минуттан кейін оқиға орнына жеткен. Бас пен мидың ашық жарақатын алған ер адам жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға жетпей қайтыс болды», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде биылғы тоғыз айда жаяу жүргіншілердің қатысымен 97 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 91-і жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT