+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Оралда автокөлік қағып кеткен 5-сынып оқушысы көз жұмды

2021 жылғы 26 қазан 14:21
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік қағып кеткен 5-сынып оқушысы көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жаңа 190 троллейбус сатып алынады Алматыда 2 мыңнан аса қоғамдық көлік жүреді Елорда қар құрсауында: Автобустар, ұшақтар кешігіп, жолда кептеліс туындады

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 қазан күні шамамен сағат 10.00-де Әбубәкір Кердері көшесі бойында болды.

«Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің жүргізушісі, 1974 жылғы әйел Ә.Кердері көшесі 136-үй тұсында белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтпек болған 10 жасар қызды қағып кетті.

Түрлі жарақат алған қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, есін жия алмастан қайтыс болды.

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Анықталғанындай, қыз дүкеннен үйіне жалғыз қайтып келе жатқан. Ол екінші ауысымда 5-сыныпта оқып жүр екен.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалатын болады.

БҚО полиция департаменті қыздың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айта отырып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін бұлжытпай сақтау керектігін еске салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан автокөлік ішінде екі адамның жанып кеткенін жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT