Оралда автокөлік қағып кеткен 3 оқушы қыз ауруханада жатыр

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 3 оқушы қыз ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні түсте Зачаган кентіндегі №30 мектеп жанында болды.

«Жедел жәрдем сағат 13.08-де шақырылды. 12 жасар қыз жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, самай тұсы көгерген. 11 жасар қыз да жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, ортан жілігі сынған. Денесінің көптеген жері көгерген. 13 жасар қыздың ортан жілігі сынған. Қазіргі кезде үшеуі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травматология бөлімінде, жағдайлары тұрақты», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын аялдамаға көлікпен тоқтап, оқушы қызға тиіскен ер адамның ұсталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар