11:53, 15 Қазан 2019 | GMT +6
Оралда автокөлік қағып кеткен 29 жастағы жігіт көз жұмды
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Орал-Өскен жолында болды.
1982 жылғы жүргізуші «Мерседес» автокөлігімен 1990 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Марқұм оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жедел жәрдемнің сағат 21.39-да шақырылып, 21.45-те жеткендігін мәлім етті.
Жалпы, өңірде соңғы кезде жол-көлік оқиғалары көбейіп кетіп отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да жол апатынан бір аптада үш адамның қаза тапқанын жазған болатынбыз.