+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Оралда автокөлік екі кісіні қағып кетті

2019 жылғы 11 қыркүйек 22:02
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік екі кісіні қағып кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік екі кісіні қағып кетіп, оның біреуі қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жол апаты кезінде оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды – СҚО Алматыда адамдарды көлігімен қасақана қаққан екінші күдікті ұсталды Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнде Шолохов көшесі бойында орын алған.

19 жастағы жүргізуші «Ауди» көлігімен өтуге болмайтын жерде кетіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен.

Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, Шолохов пен Циолковский көшелері қиылысында болған жол-көлік оқиғасына жедел жәрдем сағат 03.20-да шақырылып, екі бригада алты минуттан кейін жеткен.

1990 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Жасы 20-лардағы жігіт ашық бас-ми жарақатын алып, есінен танған күйінде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

«Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT