Оралда автокөлік екі адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмып, полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше түнде «Орал-Самара» жолы бойындағы полиция бекеті маңында орын алды.

«ВАЗ» автокөлігі екі адамды қағып кеткен, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкері жарақат алды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 22.39-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минуттан кейін жеткен. 1983 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. 1990 жылғы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, оның иығы сынған, жабық  ми жарақатын алған, жағдайы тұрақты.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар