+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Оралда автокөлік блокбекетке соғылды

2020 жылғы 31 наурыз 11:13
Бөлісіңіз:
Оралда автокөлік блокбекетке соғылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік блокбекетке соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 наурыз күні кешкісін Зачаган кентінде орын алды.

«ВАЗ-2115» автокөлігі қаланың шетінде орнатылған блокбекетке соғылды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, блокбекетте тұрған полиция қызметкерлерінің ескертуіне қарамастан, автокөлік блокты соғып кеткен.

Жүргізуші сау, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес (айыппұл салу) хаттама толтырылды», деді Б.Белгібеков.

Батыс Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес коронавирустің таралуына тосқауыл қою мақсатында 31 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізілді.

Осыған орай облыс бойынша 90, соның ішінде Орал қаласында 8 блокбекет орнатылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 92 адамның карантинде жатқанын болатынбыз.

Сондай-ақ карантиннен қашқан адамға айыппұл салынды.

Сонымен қатар шектеу шаралары күшейтілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT