Оралда автокөлік әйелді қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда кеше автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Еуразия даңғылы бойындағы 8-мектеп аялдамасы тұсында орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованыңң айтуынша, жедел жәрдем сағат 21.59-да шақырылды. Бригада сағат 22.03-те жеткен. Шамамен елу жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұл - соңғы күндердегі қаладағы осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын көлік қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар