Оралда автокөлік 10 жасар қызды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік он жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 27 қазан күні шамамен сағат 08.30-да Зачаган кентіндегі №10 мектеп маңында болды.

«Мерседес» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі М.Мөңкеұлы көшесінде белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан 2011 жылғы қыз баланы қағып кетті.

Қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Анықталғанындай, қыз бала мектепке ата-анасынсыз, жалғыз бара жатқан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, бұғанасын соғып алған қыз бала дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Орал қаласында соңғы екі күнде осындай екі оқиға тіркеліп отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөлік қағып кеткен 5-сынып оқушысы көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар