Оралда автобустарда жолақы бағасы өзгереді

Фото: None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 10 тамыздан бастап автобустарда жолақы бағасы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, шаһарда жолақы төлеудің электронды жүйесі жолаушы тасымалдайтын барлық 27 қалалық бағытта орнатылды.

«Оралда 10 тамыздан бастап сараланған жолақы бағасы енгізіледі. Атап айтқанда, көлік картасы, Avtobys, QR-код және Kaspi QR қосымшаларымен жолаушылар бұрынғыша 80 теңге төлейді. Ал қолма-қол төлемақы 150 теңге болмақ. Балалар жолақысы – 70 теңге. Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері, көзі көрмейтін бірінші топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедектер, сондай-ақ 7 жасқа дейінгі балалар (орын ұсынусыз) тегін жүреді. 15 жасқа дейінгі балалар, көзі көрмейтін 1 топтағы мүгедектерді алып жүрушілер жолақының тең жартысын төлейді», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендер саны 16-ға жетті.


Соңғы жаңалықтар