+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Оралда автобус жүргізушілері есірткіге елтіген күйде рульге отырған

2021 жылғы 24 қаңтар 05:30
Бөлісіңіз:
Оралда автобус жүргізушілері есірткіге елтіген күйде рульге отырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автобус жүргізушілері есірткіге елтіген күйде рульге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты СҚО-да синтетикалық есірткі саудалаған 6 интернет дүкен жабылды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 21 қаңтар күні болды.

Жедел алдын алу шаралары барысында Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы түскі сағат 14.00 шамасында Самал көшесінде ГАЗ маркалы маршруттық автобусты кідіртті. Оның рулінде отырған 1979 жылғы Л. деген жүргізуші есірткіге елтіген күйінде болған.

Сол күні шамамен сағат 15.30-да Құрманғазы көшесінде тағы бір осындай автобус тоқтатылды. Оны айдап келе жатқан 1978 жылғы Ч. деген жүргізуші де есірткіге мас күйінде болған.

Қос автобус та арнайы тұраққа қойылды.

Екі жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөлігіне қатысты іс қозғалып, Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Аталған жүргізушілер 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылып, оған қоса 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT