Оралда автобус руліне де мас күйінде отырған жүргізушілер анықталды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Автобус» жедел алдын алу шарасы кезінде Батыс Қазақстан облысында бір аптада барлығы 892 жол ережесін бұзушылық тіркелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жол полициясы басқармасы деректеріне сәйкес автобус жүргізушілерінің тоғызы көлікті мас күйінде жүргізсе, 72-сінің құжаты болмаған. Сондай-ақ  жылдамдықты шектен тыс арттыру 128-ге жетсе, автобус салонын өз бетімен қайта жабдықтағандар да аз емес. Ал 94 автобус мемлекеттік техникалық бақылаудан өтпеген.

Барлық фактілерге байланысты тиісті шаралар қолданылды.

Соңғы жаңалықтар