Оралда автобус ер адамды қағып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жолаушылар автобусы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 28 ақпан күні кешкісін Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесінде орын алды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, «Жазира» аялдамасы маңында №5 бағытпен жүретін автобус ер адамды басып кеткен.

Марқұм оқиға орнында қаза тапты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1966 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жедел жәрдем фельдшерінің асулы күйінде орманнан табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар