Оралда атыраулық ақын М.Аяғанованың жыр кеші болды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 25-інде Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының залында атыраулық ақын Мәрзия Аяғанованың жыр кеші болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде Мәрзияның өлеңдеріне жазылған әндерді белгілі эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Лұқпан Жолдасовтар орындап жүр. Бұл жолы Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт астаптар оркестрі мен «Орал сазы» фольклорлық ансамблі қатысқан кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Жұмағаным Рахимова, Қанатқали Қожақов, Сәуле Таудаева және басқа батысқазақстандық әншілер өнер көрсетті.

Жиырма сегіз жыл мұнай саласында еңбек еткен Мәрзия Аяғанова өлеңдерінің дені де осы тақырыпты қамтиды. Ақын қыздың жырлары Ақ Жайық жұртшылығына  жылы әсер қалдырды.

Соңғы жаңалықтар