Оралда әскери отбасылар арасында «Әкем, анам және мен - біз тату отбасымыз» атты фестиваль өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында әскери отбасылар арасында «Әкем, анам және мен - біз тату отбасымыз» атты фестиваль өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бастапқы кезеңі Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында ұйымдастырылған фестивальді қорытындылау ішкі әскерлердің Орал қаласындағы 5515-әскери бөліміне бұйырды. Жеті кезеңнен тұратын байқау қорытындысында атыраулық Жұмахановтар отбасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық фестивальге жолдама алды. Ақтаулық Ғаббасовтар - екінші, ақтөбелік Бейсенбаевтар үшінші орынды еншіледі. Отбасылар тамақ әзірлеуден бастап спорттық және интеллектуалдық сынақ, би билеуге дейін жарысқа түсті. 

ҚР ІІМ ішкі әскерлері Батыс құрамасының командирі Бауыржан Әбжанов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғысхат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Соңғы жаңалықтар