Оралда әскери оркестр майдангердің үйінің алдында әндер шырқады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері 104 жастағы майдангер, отставкадағы полковник Семен Данилинді Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 9 мамыр күні таңмен майдангерге үйінің алдында Ұлттық ұлан жауынгерлері әнмен сәлем берді.

Алдымен сарбаздардың балалары 5517-әскери бөлімінің оркестрімен бірге «Прадедушка» әнін шырқады. Содан кейін оркестр әскери бөлімнің жеке құрамымен бірге «Катюша», «Жеңіс күні» секілді әндерді әуелетті. Бұл әндерге Семен Акимовичтің өзі де қосылды.null null

Ардагерді «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бақыт Алазов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Бақытжан Бердиев құттықтап, гүл шоғы мен сый-сияпаттарын табыс етті.

Майдангер өзінің жауынгерлік жолы туралы әңгімелеп берді.

Ресейдің Курск облысында дүниеге келген С.Данилин соғысты 1942 жылы Брянск әскери-саяси учиищесінің курсанты болып бастап, 143-гвардия миномет полкі құрамында батальон командирінің саяси жұмыстар жөніндегі орынбасарлығына дейін көтерілді.

Сталинград, Курск иіні, Днепр, Украина, Польшада кескілескен ұрыстарға қатысқан майдангер жеңісті Кенигсбергте қарсы алды.

Соғыстан кейін С.Данилин Алматы, Қарағанды қалаларында ішкі әскер құрамында қызмет етті. Қазіргі кезде қызы Татьянаның қолында тұрады.null

Ұлттық ұлан жауынгерлері бұл күні, сондай-ақ тағы бір майдангер, тарихшы-ғалым, отставкадағы капитан Павел Букаткиннің үйінде болды.

Айта кетейік, Жеңіс күніне арналған шаралар Орал қаласы мен облыстың барлық аудандарында өтті.

Соңғы жаңалықтар