Оралда Арыстан келген балалар демалып жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы «Дарын» қосымша білім орталығында Арыстан келген балалар демалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық директоры Гүлсім Дүйсенғалиеваның айтуынша, «Үш тұғырлы тіл» жазғы мәдени-танымдық ауысымына Арыстан барлығы 50 бала (2-11 сынып оқушылары) келді.

Сонымен қатар Самара облысынан «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы ұйымының 2-8 сынып, өңірдегі мектептерден 4-8 сынып оқушылары (барлығы 100-ден астам) тынығуда.
null

«Бұл ауысым мемлекеттік тіл мәртебесін терең ұғындыру, балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту, өзге де тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар кеше келсе, бүгін ауысым салтанатпен ашылды. 19 шілдеге дейін балалар үшін түрлі қызықты шаралар жоспарланған», деді Г.Дүйсенғалиева.

Он күнге созылатын ауысым кезінде үштілділікті меңгеруге байланысты танымдық сабақтар, тренингтер, жіптік курстар, мәдени-танымдық шаралар, спорттық ойындар өткізілмекші.
null

Балалар облыс орталығындағы музейлерге, қала іргесіндегі Жайық қалашығына, Достық үйіне, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына, басқа да руханият орталықтарына барады. Концерттер мен театр қойылымын тамашалайды.
null

Әр күннің өз тақырыбы бар. Мысалы, 11 шілде күні «Біз бір командамыз» деген атпен өтіп, балалардың бір-бірімен жақынырақ танысуына мән беріледі. 12 шілде күні «Жұлдызды күн» аясында оқушылар қаланың бірқатар көрнекті орындарына саяхат жасайды. 13 шілде күні «Ана тілің - арың бұл» тақырыбымен қазақ тілінде сөйлессе, 16 шілдеде орыс, 18-інде ағылшын тіліне кезек тиеді.
null

«Ауысымға келген барлық балалар, әсіресе, Арыстан жеткен жасөспірімдер жазғы демалысын көркем табиғат аясында мәнді де сәнді өткізіп, тың күш жинаса, біздің де мақсатымыздың орындалғаны», деді орталық директоры.
null

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Арыстан 50 баланың Орал қаласында демалатынын жазғанболатынбыз.

Соңғы жаңалықтар