Оралда арба сүйретіп, 9 қабатты үйдің төбесінде серуендеген адам видеоға түсіп қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам тоғыз қабаттың үйдің төбесінде балалар арбасымен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада ер адамның Захаров көшесі, 3-үйдің төбесінде баламен қыдырыстап жүргені, оған коронавирустың қауіпті еместігі айтылады.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға 2 сәуірде орын алған.

«Ер адам балалар арбасына қуыршақ салып алып, тоғыз қабатты үйдің төбесінде әрлі-берлі жүрген. Оған мұндай қадамға барудың дұрыс еместігі айтылып, ескерту жасалды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізушінің қамауға алынғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар