Оралда «Арба» қоғамдық бірлестігіне арнайы автокөлік сыйға тартылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «ҚХА: 20 ізгі іс» республикалық шарасы аясында Мемлекеттік рәміздер күні «UNISERV» компаниясы мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау үшін «Арба» қоғамдық бірлестігіне арнайы автокөлікті табыс етті.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиналғандарды мерекемен құттықтап, өңір басшысының атынан аталмыш бірлестік төрайымы Гүлмира Батпақұловаға қос ноутбукті сыйға тартты.

«UNISERV» компаниясының бас директоры Нұрғазы Сәтбаевтың айтуынша, автомобиль барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етілген, ал көтергіш құрылғы басқаруға жеңіл, сондықтан автокөлік ішіне мүгедек емін-еркін кіре алады. Мүгедек арбасының нық тұруы үшін арнайы бекіткіштер орнатылған. «UNISERV» компаниясы автокөлікті сыйға тартумен бірге оның жүргізушісіне жыл бойына 50 мың теңге көлемінде жалақы төлеп тұратын болады. Сонымен қатар «Монтаж Техсервис» ЖШС «Арба» бірлестігіне 1 мың литр бензинге сертификат тапсырды.

Соңғы жаңалықтар