Оралда антисептик өндіру ісі қолға алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында антисептиктер өндіру ісі жолға қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№1 дәріхана» ЖШС күніне 600 литр антисептик өндіруде.

Тұрмыста қолданылуға болатын бұл дезинфекциялық құрал «Талап» АҚ дәріханалар жүйесі және «№1 дәріхана» арқылы сатылымға шығарылады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиеваның сөзіне қарағанда, антисептиктер 300 грамдық, 500 грамдық, 1 және 5 литрлік құтыларға құйылады. Барлық технологиялық талаптарға сай келетін, қазіргідей кезеңде аса қажетті өнім заңды тұлғалар және тұрғындар үшін қолжетімді болмақ.

Сонымен қатар коронавируспен күрес шаралары үшін «Талап» АҚ қалаға 20 тепловизорды тегін берді. Ол медицина мекемелері мен блокпосттарға таратылады.

«№1 дәріхана» ЖШС директоры Мерует Бергеннің айтуынша, елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты көптеген көтерме сауда фирмаларында антисептик болмай тұр.

«Біздің дәріханада дәрі-дәрмек жасауға лицензия болғандықтан, ДСҰ-ның ұсынбаларын ескере отырып, қол жууға арналған антисептик өндіруді қолға алдық. Облыс әкімдігінің қолдауымен этил спиртінің жетіспеушілігі шешілді. «Талап» АҚ және «Топан» ЖШС-мен бірлесе отырып, өңірге 20 тонна этил спиртін жеткізіп, іске кірістік. Сұраныс көп болғандықтан, антисептик әйнек қана емес, пластмасса құтысымен де шығарылады», деді М.Берген.

Антисептиктермен қала ғана емес, аудандарды да қамту көзделуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік тұрғынның қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда арба сүйреген ер адам 9 қабатты үйдің төбесінде серуендеген.

Өңірде шектеу шаралары енгізілгеннен бері 88 адам жауапқа тартылды.

Карантин режимін бұзған тұрғын да ұсталды.

БҚО әкімі өңірдегі блокпосттардың жұмысымен танысты.


Соңғы жаңалықтар