+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Оралда анасының қарауынсыз қалған үш қыз бала ауруханаға түсті

2020 жылғы 25 қыркүйек 12:28
Бөлісіңіз:
Оралда анасының қарауынсыз қалған үш қыз бала ауруханаға түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда анасының қарауынсыз қалған үш қыз бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушілері мерт болды Қазақстанда 23 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы Австралияда акула шабуылдаған ер адам мерт болды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 4, 1,2 жасар және 1 айлық сәби кеше кешкісін

жеткізілген.

Полиция инспекторларының сөзіне қарағанда, оларды көршілері шақырып, үшеуінің ересектердің қарауынсыз қалғанын хабарлаған.

Аурухана бас дәрігерінің орынбасары Юлия Горячеваның айтуынша, балалар қанағаттанарлық жағдайда түскен, ешқандай ауру белгілері байқалмаған. Бәрі де таза, жақсы

киінген. Бір айлық сәбидің таза памперсі болған. Ол 1,5-2 сағаттай ашыққан.

Аталған отбасы балалар ауруханасына бұрыннан белгілі. Осындай оқиға бұдан төрт жыл бұрын болған еді. Онда да анасы қызын қараусыз қалдырып, көршілері полицияға

хабарлаған болатын. Кейін анасы қамқоршылық органының рұқсатымен сәбиін қайта алып кеткен еді. Бұл жолы ол ауруханаға әлі хабарласқан жоқ.

Нұсқаулыққа сәйкес екі кішкентай қызды бөбектер үйіне, үлкенін қабылдау-тарату орнына жібереді. Егер анасы келсе, оған қыздары қамқоршылық органының келісімімен қайтарылады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT