Оралда әлем, Азия біріншіліктерінде олжа салған спортшыларға құрмет көрсетілді

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Спорт күні қарсаңында, тамыздың 13-інде Оралдағы Олимпиада резервтерін даярлау орталығында жыл ішінде айрықша табыстарға қол жеткізген спортшылар мен бапкерлер марапатталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық директоры Берік Жұмағалиевтің атап өткеніндей, басты мақсат - алдағы дүниежүзілік бәсекелерге, олимпиадалық ойындарға тыңғылықты дайындық. Бұл орайда болашағы мол жас спортшылардың бой көрсетуі қуантады. Айталық, таяуда Анкара қаласында жастар арасында грек-рим күресінен өткен әлем чемпионатында оралдық Артур Үмбетқалиев алтыннан алқа тағынса, оған іле-шала Үндістандағы еркін күрестен Азия біріншілігінде кадеттер арасында Екатерина Ларионова күміс жүлдегер атанды. Бұл екі күрес түрі де олимпиадалық ойын түрлеріне енетіндіктен, ендігі міндет сондай жастардың шеберлігін арттыра беру болмақ.

Жиында басқа да спортшылар мен бапкерлер, сондай-ақ спорт ардагерлеріне алғысхаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар