Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 мамыр күні Құрманғазы көшесі, 208/2-мекенжайында болған.

«Таңғы сағат 05.00-де орталық базардың ішінде орналасқан «Ақжол» жабық базарында азық-түлік өнімдерін сататын 3 бутик отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 05.25-те оқшауланып, 05.43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.

Полигондағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар