Оралда «Ақжайық» стадионы 1 шілдеден бастап жабылады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы «Ақжайық» стадионының жасанды төсеніші ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш стадион биылғы сәуір айында сенімгерлік құқығымен «BANEM» компаниясына берілген еді. Маусымнан бастап компания «Ақжайықтың» бас демеушісі.

Демеуші тозығы жеткен төсенішті жаңасына ауыстыру үшін мамыр айында жеке компаниянымен келісім жасасқан.

Бүгінде «Ақжайық» стадионының төсенішін ауыстыруға қажетті барлық құжаттар реттелді. 1 шілдеде стадион жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Алаңға соңғы үлгідегі жасанды газон төселеді. Сондай-ақ кәріз жүйесі ауыстырылып, суару жүйесі жөнделеді.

Қазіргі кезде «Ақжайық» командасы бірінші лигада 16 ұпаймен алтыншы орында келеді. 23 маусым күні өтетін турда оралдықтар 19 ұпаймен үшінші орында келе жатқан «Академия Оңтүстік» командасын қабылдайды.

«Ақжайық» стадионы футбол матчтарына жарамсыз болғандықтан, сондай-ақ П.Атоян атындағы стадион қалыпқа келіп үлгермейтіндіктен, батысқазақстандық клуб өткен жылдан бері маусым басындағы ойындарын Ақсай қаласында өткізіп келеді.

Соңғы жаңалықтар