Оралда ақын Ғайсағали Сейтақтың шығармашылық кеші өтті

None
None
  ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын, журналист Ғайсағали Сейтақтың «Мен - Нарынның ұлымын» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын биыл 60 жасқа толып отыр. Ғайсағали Самиғоллаұлы - өзі дүниеге келген Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы. ҚР «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік және «Қазақстан тәуелсіздігіне - 10 жыл», «Астанаға - 10 жыл» мерекелік медальдарының иегері.

Ол аудандық, облыстық газеттерде тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болып қызмет етті. Қазір «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары. 2000 жылдан бері «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО бойынша меншікті тілшісі болып қызмет етіп келеді.

«Қарлығаш», «Маңдай», «Аман бол, атамекенім», «Нарынның нар ұлдары», «Ай-арудың алқасы», «Тек пен тамыр», «Жақыным менің - жалпақ ел» секілді жыр жинақтарының авторы.

Мерейтой иесін осы күні облыс әкімі Алтай Көлгінов қабылдап, мерейтойымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Шығармашылығы, әдебиет және өнер саласы жайлы әңгіме өрбітті.
null  

Сонымен қатар, Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын шығармашылығына арналған көрме ұсынылып, ақынның жаңа «Қасиет қонған қара жер» атты кітабының тұсаукесері өтті.

 


null

Шығармашылық кешке Алматы қаласынан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы, «Бауыржан Момышұлы атындағы «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Бақыт Беделхан, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Арыс» қорының президенті, республикалық «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес, жазушы-эссеист, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бас директорының кеңесшісі, журналист Қанат Мәметқазыұлы арнайы келді. Олар мерейтой иесіне ұжымдар атынан ілтипат лебіздерін білдіріп, қазақ дəстүріне сай шапан жапты. 

«Алпыс жас алпыс емес, бұл - алып күш деген жас. Ғайсағали аға алып күшке келіп отыр. Атқа мінетін шақта тұр. Алашқа қызмет ететін ақылдың алтын кенін қазып жатқан шақта Сіздердің алдыларыңызда есеп беріп отыр. Бір өлеңінде «Мен емес, мінбеге өлең шықты» деген. Шынымен де, бүгін сахнаға өлеңді шығарды. Өзі ізеттілік, кішіпейілділік танытып отырған табиғаты қандай, өзі қандай, сөзі қандай, өлеңі қандай? Кішіпейілділік арқылы елдің жүрегіне өрттей жанған өлеңді салып, рухын көтеріп отырған ағамыз мың жасасын», - деген Бақыт Беделхан Қазақстан Жазушылар одағының құттықтау хатын табыстады.

null    

 null 


Фото: zhaikpress.kz

Соңғы жаңалықтар