Оралда ағаш базасы отқа оранды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 11-і күні таңертең Орал қаласында Сырым Датұлы көшесі бойындағы көпір тұсында ағаш базасы өртенді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің аға маманы Дәмет Жұмағұлованың айтуынша, «Иманалиев» жеке кәсіпкерлігіне қарасты ағаш материалдары сақталатын базаның 7 мың шаршы метр аумағы отқа оранған.

Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар