Оралда «Әділет» құқық қорғау орталығы жұмыс жасай бастады

None
None
ОРАЛ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Әділет» құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі жұмыс жасай бастады.

Бірлестік төрағасы Мұхит Бисенғалиевтің сөзіне қарағанда, мұндағы басты мақсат азаматтардың конституциялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын қорғап, белсенділіктерін арттыру болып табылады. Кейде адамдар өмірдің түрлі саласында өз құқығын қорғай алмай жатады. Бұған заңгерлік білімнің жоқтығы, білікті де тәжірибелі мамандардың тапшылығы, олардың қызметін төлеуге қаржының болмауы кедергі келтіреді. Сондай-ақ мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдар қызметкерлерінің құқықтық көмек беруге селқостығы ұшырасады. Осы мәселелерді шешу бағытында аталмыш бірлестік құрылып отыр.

Бірлестік әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен. Оған заңгерлер мен адвокаттар құрылтайшы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар