Оралда адамды пышақтаған күдікті Германияда ұсталды
2022 жылғы 8 тамыз 12:47

Оралда адамды пышақтаған күдікті Германияда ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2017 жылы Оралда адамды пышақтаған күдікті Германияда ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның онлайн брифингісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы интерполдың ұлттық орталық бюросы Германияның Херфорд қаласындағы әріптестерімен өзара іс-қимыл кезінде Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті іздестіріп жүрген 29 жастағы Ресей азаматын ұстады. Ол 2017 жылы Орал қаласында автотұрақ маңында өз отандасына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп көз жұмған болатын», - деді Ш. Тұрлыбек.

Күдіктінің шетелде өзі туралы деректерді ауыстырып жасырынып жүргендігі анықталды.

«Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, оны біздің елге экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр», - деді ведомство өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бір апта ішінде елімізде 3 397 қылмыс тіркелді. Оның 1 986-ы тәулік ішінде ашылды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT