Оралда 9 гектар жердің құрғақ шөбі өртенді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 9 гектар жердің құрғақ шөбі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің мәлім еткеніндей, 10 сәуір күні Зачаган кентінде екі жерде құрғақ шөп жанды.

Оқиға орнында 4 техника, 19 адам жұмыс істеді. «Тілсіз жау» сағат 20.55-те ауыздықталды.

Егер өрт уақытында сөндірілмеген жағдайда от тұрғын үйлерге ауысуы ықтимал еді.

Желдің күшеюіне байланысты тұрғындар да мазасызданып, тиісті органдарға қоңырау шалып жатты.


«Биыл қыста қар аз түскендіктен, табиғи өрт көбейіп кетті. Күн сайын өңірде ондаған өрт оқиғасы тіркелуде. Тек соңғы үш аптада барлығы 400-ден астам гектарды шарпыған екі орман өрті, алпыстан астам табиғи жану болды. Көктемде тұрғындар қураған шөпті жағады, алайда оның соңы өртке ұласып кетуі мүмкін екендігін ескере бермейді», деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Мастер» дүкені өртенгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар