USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Оралда 9-13 жастағы балалар алғаш рет көкпар сайысына түсті

2021 жылғы 29 қараша 02:42
Бөлісіңіз:
Оралда 9-13 жастағы балалар алғаш рет көкпар сайысына түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Тұңғыш Президент күніне орай балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова Бейжіңде ҚР Туын ұстап шығады Маңғыстау облысының әкімі Бибісара Асаубаеваны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады Алматыда 45 мың баланы спорт секцияларына тегін жіберу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді

«Орал» спорт клубы мен «Ишанов» ЖК бірігіп ұйымдастырған жарысқа аталмыш клубтың ат спорты бөлімінде жаттығып жүрген 50-ден астам бала қатысты.

Сайыстың алғашқы күні балалар аударыспақ пен жамбы атудан бақ сынаса, екінші күні теңге ілу мен көкпардың көрігі қызды.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, тай көкпары батыс өлкесінде тұңғыш рет өтіп отыр. Мұнда бақ сынаған балалардың кішісі 9-да, ең үлкені – 13-те. Негізі көкпар додасына 16 жастан бастап қатысады. Дегенмен бұл күні кішкентай палуандар додаға атойлап, тайсалмай кірді.

Жарыс алдында арнайы серке сойылып, «Орал» спорт клубының директоры Есқабыл Әбілшақұлы жас шабандоздарға батасын берді.

Төрт топқа бөлінген командалар серке мен салым үшін өзара қызу таласқа түсті.



«Жарыстың мақсаты – балаларға ойынды сезіндіру, ат үстіндегі шеберліктерін шыңдап, тәжірибелерін молайту. Көкпар ойнауға күш, еп, білек пен біліктілік керек, ол екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан балалардың бұл ойыны жоғары бағаға лайық», деді спорт клубтағы көкпар жаттықтырушысы Мағжан Жеңісов.

Үш сағатқа созылған текетірес нәтижесінде «Болашақ» командасы жеңімпаз атанды. «Қыран» екінші, «Арлан» үшінші орынға көтерілді. Салымшы ретінде Сержан Хамит, Айсұлтан Миразат, Мұратқали Арсен, Боранбай Әбдурахман, Айбарыс Миразат ерекше көзге түсті.

Жарыс соңында барлық жеңімпаздар арнайы диплом, медальдармен марапатталды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT