Оралда 83 жастағы қария іздестірілуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен 83 жастағы қария іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Виктор Петрович Ярославцев 27 наурыз күні қаланың ескі бөлігіндегі Курени ауданы жақтан Жайық өзені арқылы өтіп, Учужный затондағы саяжайға барған. Бірақ қайта оралмаған. Үстінде қою-көк түсті жылы күртесі болған. Қол жүгі ашық-қоңыр. Бойы (165 см) еңкіш тартқан, арық.

Қарияның немересі Наталья Петрусева тума-туысқандарымен бірге полицияның да іздестіріп жатқанын айтты. Әзірге еш нәтиже жоқ.

«Қандай да бір мәдімет білетіндер болса, 8-777-581-80-45 телефонына хабарласса екен», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Петрусева.

Қарияны іздестіру жұмыстарына ТЖД-нің жедел құтқару жасағынан 5 қызметкер мен 1 техника, 1 жүзу құралы, сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар