+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Оралда 80-нен астам волонтер 15 мың маска тігіп, тегін таратпақшы

2020 жылғы 7 сәуір 14:41
Бөлісіңіз:
Оралда 80-нен астам волонтер 15 мың маска тігіп, тегін таратпақшы

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда еріктілер бірнеше рет қолданылатын 15 мың бетперде тікпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Орал қалалық жастар ресурстық орталығы жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Дулат Жүсіпқалиевтің айтуынша, бұл жұмысқа 80-нен астам ерікті тартылған.

Бетперделер әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарға таратылады. Бұл іске оралдық кәсіпкер, «Стройкомбинат» ЖШС директоры Бақытжан Нұрбаев, БҚО ҚХА еріктілері қолдау білдірді.

Еріктілер арасында сондай-ақ көпбалалы аналар бар.

«Қазіргідей ел басына сын сағаты туып тұрған мезгілде біздер волонтерлікпен дендеп айналысудамыз. Соның ішінде осы кезге дейін мыңға жуық маска тігіп, «Шаңырақ» жасөспірімдер үйіне, блокпосттарда, асханаларда жұмыс жасап жатқандарға, көп балалы отбасылар, мүгедектер мен зейнеткерлерге, жалпы, мұқтаж адамдарға тараттық. Күні бүгін алты көпбалалы ана қала әкімдігінен 16 метр мата алып, бетперде тігудеміз. Бұл жұмысты да алдағы бейсенбіде бітіреміз деп ойлаймыз. Осылайша коронавирус секілді аса қауіпті індетпен күреске қолдан келгенше үлес қосудамыз», - деді ҚазАқпарат тілшісіне көпбалалы аналардың басын қосып отырған «Тұғырым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Арыстанова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кеш өткізген блогердің 10 тәулікке қамалғанын, БҚО блокпостында есірткіге елтіген жүргізушінің ұсталғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT