+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

2021 жылғы 20 қыркүйек 01:18
Бөлісіңіз:
Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 8 жасар қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да коронавирус жұқтырған 250-ден астам адам стационарда емделіп жатыр Рудныйда 41 жастағы әйел төртінші қабаттың балконынан құлап кетті Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні кешкісін, сағат 19.43-те А.Оразбаева көшесіндегі бес қабатты №2а-үйде болды.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2013 жылғы қыз бала төртінші қабат терезесінен құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі мәлімет бойынша жабық бас-ми жарақатын алған қыздың жағдайы орташа ауыр.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 қызметкер, 1 техника) барды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автобус пен жеңіл көлік соғылысып, 45 жастағы әйелдің ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT