Оралда 6 темір контейнер мен екі үй өртенді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында екі тұрғын үй мен контейнерлер өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, 11 тамыз күні сағат 17.44-те Н.Сыдықов көшесі 42-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.
Әуелі аумағы 140 шаршы метр жерлеу қызметтеріне арналған тауарлар сақталатын 5 темір контейнер мен тұрғын үй (80 шаршы метр) отқа оранды. Содан кейін жалын соған жапсарлас орналасқан контейнер (25 шаршы метр) мен көрші үйдің төбесін (80 шаршы метр) шарпыған.
ТЖ департаменті қызметкерлері оқиға орнынан бір оттегі баллонын (көлемі – 70 литр) алып шықты.
Өртті (жалпы аумағы – 325 шаршы метр) сөндіруге 50 адам, 16 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» сағат 19.30-да ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт отпен абай болмаудан шыққан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.
- Кабулда көлікті жарып жіберген, екі полицей қаза тапты
- Оралда гараждағы өрттен әйел адам көз жұмды
- Телефонын алып қойған: ШҚО-да анасына өкпелеген бала үйінен қашып кетті
- Тәуелсіздіктің қазаққа бергені көп – тарихшы Жаңабек Жақсығалиев
-
Қостанай облысында 3 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
-
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам