Оралда 53 жастағы әйелді көлік қағып өлтірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік тағы бір әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнгі сағат 00.40 шамасында болған.

1992 жылғы жүргізуші әйел «Мерседес Бенц-200Е» автокөлігімен Н.Назарбаев даңғылымен келе жатып, «Саяхат» аялдамасына жетпей, реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен 1966 жылы туған А. деген әйелді қағып кеткен.

Әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Медициналық куәландыру қорытындысына қарағанда, жүргізуші сау болған. Одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасына байланысты сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің әйел адамды қағып кеткенін жазған болатынбыз.







Соңғы жаңалықтар