Оралда 53 жастағы әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҚО-да әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд іс-шараларды өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.

Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы азаматша интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар