Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Оралда 5 млрд теңгеге бағаланған тергеу изоляторының құрылысы аяқсыз қалды

2022 жылғы 20 маусым 14:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оралда қала ішінде салына бастаған тергеу изоляторы аяқсыз қалды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҚО әкімі Ғали Есқалиев аталған мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласында тергеу изоляторының құрылысы 2 жыл бұрын басталған. Кейін құрылысы аяқталмаған нысан әкімдік балансына өтті.

«Иә, аталған ғимарат біздің баланста. Жобаның құны – 5 млрд теңге. Тергеу изоляторының құрылысын Ішкі істер министрлігі біздің өтінішпен тоқтатты. Себебі ондай мекеме қаланың ішінде болғаны жөн емес деп санаймыз. Тергеу изоляторының қала ішінде болғаны негативке әкелетіні рас. Яғни құрылыс басталып, белгілі заң бұзушылықтың салдарынан аяқталмаған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Ғ. Есқалиев.

Оның айтуынша, аяқсыз қалған ғимаратты облыс әкімдігінің балансына беру туралы шешім Ішкі істер министрлігімен бірлесіп қабылданды.

«Ол ғимаратта медициналық хаб ашамыз деген жоспар болған. Бірақ пандемияға байланысты инвестор өз шешімінен бас тартты. Қазір құрылысы басталған ғимаратты аяқтап, белгілі мақсатта қолдану үшін инвестор іздеп жатырмыз», - дейді ол.

Бұған дейін аталған өңір басшысы киіктерді атуға қатысты өз ойын білдірген еді.


Автор:

Дәулет Ізтілеу

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары