Оралда 4 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 29 желтоқсан күні шамамен сағат 23.00-де Жәңгір хан көшесінде болды.

«Шаған өзенінен өтетін көпір тұсында BMW, Suzuki және екі «ВАЗ» автокөлігі түйісті. Жол апаты салдарынан үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Оларды жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі жүк көлігі соқтығысып, 44 жастағы жүргізушінің көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Оралда жоғалып кеткен 30 жастағы жігіт бір айдан бері табылмай жатыр.


Фото: БҚО полиция департаменті

Соңғы жаңалықтар