+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

2020 жылғы 26 қазан 14:43
Бөлісіңіз:
Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 32 жастағы әйел көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел жүргізуші куәлігінен айырылды Алматыда ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртемек болған Оралда төрт автокөлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін Шаған өзенінен өтетін көпірде, «Динамо» базасы ауданында болды.

Көпірден секіріп кеткен әйелді ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім қызметкері Асқар Нұрғалиев құтқарып қалды.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Нақты ақпарат кейін берілетін болады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 11.30-да шақырылды.

Денесі тоңған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT