Оралда 31 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 31 жастағы Наталья Кнаус із-түзсіз кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдің інісі Сергей Плотниковтің сөзіне қарағанда, ол үйінен 10 мамыр күні кетіп қалғаннан қайта оралмаған. Біреулер әйелді 14 мамыр күні көргенін, Жайық өзеніне шомылып жүргенін айтқан. Бірақ өзінің телефоны сөндірулі, жауап бермейді. Азаматтық некедегі әйелінің жоғалып кеткенін, әлі табылмағанын онымен бірге тұратын Денис Матинцов та растады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бүгін Д.Матинцов департаментке шақыртылып, түсініктеме алынған.

Қазіргі кезде іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім табылған болатын.

Соңғы жаңалықтар