Оралда 3,6 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталып тынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда 3,6 млн теңге алимент төлемеген борышкер сотталып тынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, С. 2015-2019 жылдары екі баласына алимент төлемей, ол бойынша берешек 3,6 млн теңгеге жеткен.

Осылайша Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекстің 138-бабының талабы бұзылған.

Борышкер жеке сот орындаушысының ескертулерін ескермей, жұмысқа орналаспаған.

Жүргізілген шараларға қарамастан, жеке басының қамын ойлап, табысының үштен бір бөлігін алимент ретінде төлеу туралы соттың 2010 жылғы 22 ақпандағы шешімін қасақана орындамаған.

Оған қоса 2017 жылғы 4 қаңтарда «S» ЖШС-нің жалған бухгалтерлік құжаттарды өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 192-1-бабымен басталған (ескі редакцияда) сотқа дейінгі тергеу рақымшылық актісінің қолданылуына байланысты тоқтатылған. Ал оның құрылтайшысы С-ның заңсыз табыс тапқаны анықталды.

Орал қаласы прокуратурасының қозғау салуы нәтижесінде БҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10 қыркүйектегі үкімімен ҚК ҚК 139-бабына сәйкес (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) С-ның бір жылға бас бостандығы шектелді және ол 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.



Соңғы жаңалықтар